Магматизм – жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процесстердің бірі болып саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстараның 95%-і магмалық процесстердің нәтижесінде пайда болады.Магматизм – өте күрделі геологиялық процесс. Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терең (қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғарғы қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (бірітіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жыныстараның түзілуімен аяқталады. Сонымен магма (магма грекше – қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий( барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы аммоний, сутегі, азот және т.б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғарғы қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зертеулер бойынша, магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан