Резина ( лат. геzіnа — шайыр) — каучукты вулканизациялау өнімдері (қ. Табиғи каучук, Синтездік каучукі). Резина жасайтын қоспаның құрамында каучуктан басқа вулканизацияны реттсйтін заттар — толықтырғыш, жұмсартқыш, бояғыш, стабилизатор тағы басқалары болады. Резинаның сапасы каучуктың, құрамы мен құрылысына байланысты. Бутил-каучуктан, этилен мен протиленнің сополимерінен 150—180° С ыстыққа төзімді резиналар алынады. Фторы бар полимер каучук резинасы 300°С-на дейін, ал элемент-органик каучуктан алынған.Резина одан жоғары температураға шыдайды. Каучуктың резинаға айналу процесін реттейтін заттарға вулканизация-лаушы зат, үдеткіш, үдеткіш активатоторы жатады. Вулканизацияланушы зат ретінде күкірт, органик, асқын тотықтар, диазоқосылыстар. диаминдер т. б. қосылыстар пайдаланылады. Вулканизация процесінде қанбаған байланыстарға күкірт атомдары қосылып, каучуктың сызықты макромолекулалары кеңістік құрылысы бар полимерге айналады. Бұдан каучуктың серпімділігі артады. Күкірттің мөлшері 32%-тен асқанда қатты резина — эбонит түзіледі. Каучуктың қаттылығын, үзуге және үйкеліске бе-ріктігін арттыру мақсатында толықтырғыштар қосылады. Олар күшейткіш толықтырғыштар (күйе, мырыш тотығы, кремний қышқылы) және бейтарап толықтырғыштар (бор, саз) болып бөлінеді. Бейтарап толықтырғыштар каучуктың механикалық қасиеттерін өзгсртпей резинка қоспасының өңдеу процестерін жеңілдетеді.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан