Қаржылық есеп берудің, экономикалық мазмұны
[ скачать ]
Кіріспе
Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, Қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.