Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері
[ скачать ]
Кез келген қызметте тәуекелдік болады. Экономикалық субъект үшін тәуекелдік — бұл нарық конъюктурасының өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген талғамы), серіктестер тарапынан тәртіп бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті. Аудиторлық төуекелдік кәсіп орынның қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті жургізу практикасы аудитордың процедураны "қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындықка сәйкес келмейді" деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын талап етеді.
Аудиторлык тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стаңдарт сақталды, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.
Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бүл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдік тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік абсолютті сенімділікті білдірер еді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100%-ға дейін) арасыңдағы диапазонда ауытқуы мүмкіи, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.
Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әр қайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор "қаржылық" есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін де елеулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.
'Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген. "Аудиторлық тәуекелдік - қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді". Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненті бар.
Приобрести
антикражное оборудование | Стильная ведущая на ваш праздник -
тамада цены.