Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы
[ скачать ]
К І Р І С П Е
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған.
Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы, құқылық нормативтер қарастырылған.
Екінші тарауда негізігі және туынды нарық мәні мен олардың қызметтері, операция жүргізу тәсілдері, яғни акция мен облигация бағалы қағаздарының есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының мақсаттары мен мәмілелер түрлерінің ерекшелігі мен брокер, дилерлердің келісім жасау шарттары мен олардың жұмысының қаржылық нәтижесі салыстырылып талдау жасалған.
Ал, үшінші тарауда ұзақ мерзімді ішкі қарыз алу стратегиясын дайындаудың әдістемелік проблемалары зерттеліп ұсынылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында статистикалық және бухгалтерлік кезеңді басылымдар қолданылды.
Дегенмен бағалы қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер енгізілгенімен білікті мамандар даярлау, бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғанын айқындайды.