Банктердің пайда болуы мен дамуы
[ скачать ]
Банктердің пайда болуы мен дамуы.Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «Ьапсо» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы Қызу жүретін аландарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чека-нившихся) эр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімеп нарыктарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер ден аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінем тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшіи олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаыың табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсак (қате) ұктыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді акшаның әлемдік акша қызметсын орындай бастағанда ғана пайда болган тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - акшаның ішкі нарықтагы айналыста жүрген кезецде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің арамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау жэне осьі акша бойынша пайыз төлеу тэжірибеде кездескен. Мүндай валюталық жэне несиелік операциялар біздің арамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құидылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткеиі ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен семімге ие болган еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді акшалай опе-рацияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажететті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен катар қарыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай оты-рып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айнапыска түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз апудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудыңтиімді болатынын даұқты.
Міне, осы уакытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл қүймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді. Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері жэне сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық акша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы кажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімкорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу жэне басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылыгының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция каласындагы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша §іго - айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық кызметке, банктердің пайда брлуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банкісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке жэне жиробапкке, ақыр аягында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды жэне т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
забрали права