Еңбек нарығы
[ скачать ]
Мазмұны:
Кіріспе .........3
І бөлім. Еңбек нарығы.
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік..........4
1.2 Еңбек сұраным мен ұсыным............5
1.3 Еңбек нарығының сигменті.............8
1.4 Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық..............9
ІІ бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары.
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы
концептуалдық бағыттар................11
2.2 Икемді (жұмсақ) нарық концепциясы мен жұмыспен
қамтудың контрактілік теориясы.13
ІІІ бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты.
3.1 Еңбек биржасы және оның қызыметтері.......14
3.2 Жұмыспен қамту саясаты..............17
3.3 Қазақстанның жұмыспен қамтамасыз ету шаралары....20
Қортынды...24
Қолданылған әдебиеттер..........26
Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясаты».
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымның мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.
Сонымен, біздің қарқынды саяси әлеуметтік және экономикалық өміріміз күн өткен сайын жаңа, тіпті, кей жағдайда күтпеген оқиғаларға тап болып отырмыз. Ал, экономика адамзат өмірінің және қоғамның барлық жақтарын анықтайтын болғандықтан, соңғы 5-10 жылдардың ішінде түбегейлі өзгерістер жасалуда.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы- ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көленкесінде жанды, жаны бар адамдар бар екенің естен шығармау қажет.
fujitsu siemens ноутбук купить