Коммерциялық банктердің несиелік потенциалы
[ скачать ]
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссионық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Коммерциялық банктерде меншіктік капиталды қалыптастыру банк қызметінің алдындағы бірінші міндеті. Меншікті капитал бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде қажет.
Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тырту үшін шығарылатын комуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Олар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Депозиттің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.
Депозиттердің сапалығы тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлы жоғары болады.
Противоугонная система Альфа -
противоугонная система.