КР еңбек нарығы
[ скачать ]
Кіріспе
Осы курстық жұмыста нарықтық экономиканың маңызды түрлерінің бірі еңбек нарығы және еңбек нарығының маңызды мәселесі жұмыспен қамту саясаты қаралған. Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда. Аман айтар болсақ ең негізгі шара болып табылатын бұл Президенттің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасы. Басқада негізгі шаралары еліміз тәуелсіздік алғаннан, оның аяғын басқаннан бері жүргізілуде. Осы еңбек нарығының маңызды мәселесі тұрғындарды еңбекпен қамту неғұрлым оң нәтежелі болса, соғұрлым мемлекеттің даму деңгейі де жоғары болады.
Бұл курстық жұмыста еңбек нарығы туралы және жұмыспен қамту туралы мәліметтер қамтылған. Соның ішінде Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты мысалға алынған.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:
І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптастырылуы.
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасы саясатында жүзеге асырылып жатқан нақты шаралар.
Для души и тела
бани Киева для всех