Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі , формалары
[ скачать ]
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» «Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпкерліктің экономикадағы негізін, құқықтық жағдайларын, түрлерін, формаларын, даму жолдарын күрделі қамту.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) белгілі бір істің түрі
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтері белсенді, іскерлік болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе ? Сан есебінен алғанда белсенділік өте азғантай энергетикалық шығынан, шамадан тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан спотандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік ( қайғы- касірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік . Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси , әлеуметтік , экономикалық , әскери , тарихи , айуандық т.б болып бөлінеді .
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады . Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы , ал кәсіпкерлік табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты . Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес , адамдардың жан – жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді . Сондықтан экономикалық белсенділік , іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Потрясающе приятный заработок -
шоп туры. Туры в Италию.