Макро лекции
[ скачать ]
2. Лекция сабағының қысқаша мазмұны
Тақырып 1. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономикадағы негізгі түсініктер
1. Макроэкономикалық теорияның маңызы
2. Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
3. «Қор-ағын» түсініктері
1. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.
Макроэкономикада басты үш мәселе бар: біріншісі –жұмыссыздық, келесісі – инфляцияны түсіндіру, үшіншісі - өһнімнің өсу мөлшерін не анықтайтыны жөнінде. Тағы бір маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына, әлемдік экономикаға талдау жасау. Макроэкономикадағы бұл маңызды көрсеткіштердің қоғам өмірінде маңызы зор. Мысалы, тұрғындар табысы ұлттық экономикадағы табысқа тікелей байланысты. Немесе жанұяның мүлкінің құны елдегі инфляция деңгейіне тәуелді болады.
2. Экономистер жалпы экономика туралы көзқарастарын моделдер көмегімен түсіндіруге тырысады. Моделдерде математикалық түрде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстар көрсетіледі.
Экономикалық моделдерде айнымалылардың екі типі қолданылады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді айнымалылар сырттан келеді, яғни олар бастапқы мәліметтер. Эндогенді айнымалылар модель ішінде қалыптасады, яғни олар шешімдердің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда экзогенді айнымалылар моделді құрмас бұрын белгілі болады, ал эндогенді айнымалылар моделдегі есептеулер нәтижесінде анықталады. Модельдердің мақсаты – экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымалыларға әсерін түсіндіру.
Аренда дизельных электростанций:
дизельные электростанции. Дизельные электростанции Вепрь.