Нарықтық экономикадағы пайданың мәні
[ скачать ]
Жоспар:
Кіріспе .
Iбөлім. Нарықтық экономикадағы пайданың мәні.
1.1. Пайда – экономикалық категория ретінде.
1.2. Әр түрлі мектептердегі пайданың көрінісі.
1.3. Қазіргі кездегі пайда туралы түсінік.
IIбөлім. Кәсіпорын пайдасына жалпы сипаттама.
2.1. Кәсіпкерлік қызметтегі пайда.
2.2. Нарықтық қатынастардағы пайданың атқаратын қызметтері.
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы пайданың ролі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Менің жазғалы отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Пайда және оның эволюциясы ». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі біз өмір сүріп отырған нарық заманына байланысты пайданың маңызын, оның шаруашылық субъектілерде алатын орнын, түрлерін, әртүрлі мектептердің пайда туралы көзқарастарынан толық мағлұмат беру.
Пайданың түрі көп – ақ, соның ішінде менің тоқталғаным кәсіпорын пайдасы.
Қазіргі кезде өз алдына дербес кәсіпорындар көбейіп барады, олардың санында шек жоқ. Алайда олардың бәрінің алдына қойған мақсаты – пайда табу. Ал ол пайда оңайлықпен келе қоймайды.
Кәсіпорын пайдасы – кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс сферасында құрылған таза табысты көрсететін экономикалық категория.
Белгілі бір кәсіпорын өзінің өнімін шығарып, оған баға тағайындап, оны тұтынушыға жеткізу арқылы ақшалай түсімге ие болады, нәтижесінде бұл пайданың бір бөлігін құрайды.
Пайданың әдетте екі түрі қолданылады. Біріншісі – бухгалтерлік пайда болса, екіншісі – экономикалық пайда.
Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырманы көрсетеді, ал экономикалық пайда – жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы пайданы көрсетеді.
Кәсіпкердің көздеген мақсаты – пайда табу ғана емес, сонымен қатар халық тұтынатын игіліктерді өндіре отырып, тұтынушының қажеттерін қанағаттандыру болып табылады.
Пайда нормасы – бұл процентпен өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.
Сварочные материалы от производителя,
электроды Ротекс. |
гостиница санкт-петербурга