Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
[ скачать ]
Мазмұны:Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
2. Нарық жағдайында «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Роса» АҚ-ның қысқаша сипаттамасы
2.2. «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3. «Роса» АҚ қаржысының стратегиясы
3. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың даму проблемалары мен перспективалары
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисі А.Курно мен экономист А.Маршал береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.