Қоғамдық өндіріс негіздері
[ скачать ]
Жоспар :
Кіріспе
І Бөлім.
1.1 Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері.
1.2 Қоғамдық өнім және оның құрылымы.
1.3 Қоғамдық өнімді тарату, айырбастау және тұтыну.
1.4 Қоғамдық өнімді жаңғырту.
1.5 Қоғамдық өнімді өткізу.
ІІ Бөлім.
2.1 Өндіріс және оның негізгі формалары.
2.2 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.
ІІІ Бөлім.
3.1 Қазіргі таңдағы экономикадағы адамның рөлі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұтынудың басталуы үшін өндіріс пен ұсыныс құрылуы керек. Шынымен де, мемлекеттік экономикасы оның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады: ғылым дамуының деңгейі, көптеген тауарлар мен қызмет түрлерін көрсету үшін ұйымдастырудың жетілуі және қаражат қорының молаюы. Осы өндірілген өнімдер түрлі мемлекеттерде сатылады немесе сатылып алынады. Дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері өте жоғары, себебі әрбір орташа жұмысшыға қызмет көрсету және тауар өндірісінің салыстырмалы жоғары үлес салмағы келеді.
Алдымен, біз өндіріс негізінің теорияларын зерттеуіміз және фирмалардың өнімнің қажетті санын өндіруде ресурстарды қалай таңдайтынын анықтау қажет. Өндіріс теориясы бізге мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: неге өнімділік пен өмір сүру деңгейі уақыт өте келе дамиды және фирмалар өзінің ішкі процестерін қалай басқарады?
Біздің пікіріміз бойынша, ферма, зауыт, әуе компаниясы және есеп фирмасы әрқашан өндірісінің тиімділігін, яғни ешқандай шығынсыз арттырғысы келеді. Басқаша айтқанда, олар әрқашан шектелген ресурстардың бір бөлігінен өнімнің максималды мөлшерін, барлық жұмыс барысында шығындардан құтыла отырып, алғысы келеді. Фирмалар қандай тауарларды өндіру және қандай қызмет түрлерін көрсету туралы шешімдер қабылдағанда әрдайым экономикалық табысын масималицазиялауға тырысады.
анализаторы спектра, мегаомметры и осциллографы, частотомеры, вольтметры, калибраторы и миллиомметры