Салықтар және салық салу механизм
[ скачать ]
Жоспар
Кіріспе -------------3-4
I бөлім. Салықтар және салық салу механизм
1.1.Салықтардың экономикалық мәні және маңызы--------5-7
1.2.Салықтың атқаратын қызметі------- 8
1.3.Лаффер қисығы---9-10
1.4.Салық салу механизмі---------11-12
ІІ бөлім. Салықтың түрлері
2.1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы--------------13-14
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-----------------15-16
2.3.Қосылған құнға салынатын салық--17-18
2.4.Акцизді салық------19-20
IІI бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі
3.1.Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы ұғым---------20-23
3.2.Салық төлеушінің міндеттері мен құқықтары------------24-25
Қорытынды----26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі--------------28
Кіріспе
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікрі қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек нарығының қалыптасуы оның қызмет етуі жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұдан экономикалық базис саяси құрылымының арасындағы өзара байланысты көреміз.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекет арасындағы бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайды. Шаруашылық жүргізуші субъектіден халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтайды. Мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеуі қашанда салық жүйесінің құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Бұл курстық жұмыста негізінен уш бөлім қарастырылған. Бірінші бөлімде салықтар және салық салу механизмі, Лаффер қисығы және т.б. қарастырылады.
Екінші бөлімде салықтардың негізгі түрлері баяндалып, оларды есептеу, төлеу, бюджетке түсу тәртібі, салық салудың тәжірибесі көрсетілген.
Үшінші бөлімде ҚР-ның салық жүйесінің мәні, салық төлеушілердің міндеттері мен жауапкершілігі, олардың құқықтары толық баяндалды.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты- салықтар туралы түсінігімді, салық салу механизмдерінің принциптері, ҚР-ның салық жүйесі, салық кодекстеріндегі негізгі ережелер туралы түсінігімді дамытып және осы мәселені толық баяндап зерттеу .