Кiрiспе Бухгалтерлік есеп бүгінгі күні басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол өндіру, айналым, тарату және тұтыну процесстерін бейнелейді, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіз болады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарымен және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің шоттардың Типтік жоспарымен бекітілген жалпы қағидалары және негіздері негізінде құрылады, бұл ұйымның ерекшелігіне, нысандарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіндей ұйымдастырылуы керек. Дебиторлық бережақ қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіші болып табылады деуге болады, себебі дебиторлық бережақ есебі арқылы шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын, оның рентабельділігін, сонымен қатар сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысуы арқылы бұл кәсіпорынның белсенділігін, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтауға болады. Қазiргi кәсiпкерлiктi дамытуды қолға алу жағдайында дебиторлық бережақтарда азайту мен жою үшiн төлем уақыты өтiп кеткендерiн қайтаруға әрекеттер жасау, есептеудiң вексель арқылы жүргiзiлуi мен талап беру құқығын сату, сақтандыру орындарында, сақтандыру сияқты шаралар жүргiзiлуi тиiс. Соған байланысты осы тақырыпты, яғни сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп-айырысудың есебiн таңдауымның маңыздылығы жоғарда көрсетiлген дебиторлармен есеп-айырысу шараларын анықтап, оның жүргiзiлуiн көрсетуде. Осы диплом жұмысының зерттеу объектiсi болып “ АйМар ” ЖШС - ның жағдайы, экономикалық үйымдастыру жағдайы, есеп-қаржысының жағдайы табылады.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан