Ақпарат және мәліметтер
[ скачать ]
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
а)Адам өміріндегі ақпараттың маңызы.
ә)Ақпарат анықтамасы.
б)Ақпараттың қасиеттері.
3.Қорытынды.
Информатика ғылымы.
Ақпарат.
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі-бұл өндірістің,тұтынудың және адам әрекетінің барлық салала-рында ақпарат жинаудың артуы болып табылады.Адамның бар өмірі-қалай да болсын-ақпарат алу,жинау және өңдеу-мен байланысты.Адам не істесе де:кітап оқығанда,теледи-дар қарағанда,сөйлескенде-ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға-автомобиль,электр,атом
энергиясы,авиация,космонавтика,электрондық техника сияқты-ғылымның,техниканың және жаңа технологиялар-дың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән.Мысалы: кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан радиоқабылдағыш-қа дейін 440 жылға жуық,ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен.Ал алғашқы транзистор мен интре-гралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.
ХVII ғасырдан бастап ғылыми ақпарат жинау саласында ақпарат көлемі,шамамен әрбір 10-15 жыл сайын екі есе кө-бейіп отырды.Сондықтан адамзаттың тіршілік әрекетінің кез келген саласындағы ақпараттың тасқынды ағыны-оның ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады.
Мысалы:есеп бойынша қазіргі кезде әр маман өз қызметі саласындағы барлық жаңалықты қадағалап біліп отыруы үшін жұмыс уақытының 80 %-не дейін жұмсауы керек.
Ақпарат- адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбы-лыс.Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған.Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай! Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда.Бұған жартастағы суреттер де, "Жазба-лар ғибадатханасындағы"Майя өркениетінің иероглифті тақталары да,ежелгі египеттіктердің папирустары,
гректердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
Стекло и Зеркала:
Зеркальные шкафы купе. | Бесплатно замер! Супер скидка:
натяжные потолки спб.