Физика сабағында компьютерді пайдалану
[ скачать ]
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................3
. Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар..... 4
ІІ. Физиканы оқыту процесін компьютерлендіру....8
2.1. Физика және компьютер
2.2. Физикадан есеп шығару сабақтарында компьютерді қолдану
ІІІ. Компьютер көмегімен өткізілген физика сабақтарының үлгілері
3.1. «Алтын қақпа» ойын сабағы 7-класс..........14
3.2. «Электр тогы мен жұмысының практикалық бірліктері»8-класс.......17
3.3. «Дененің салмағы. Салмақсыздық» 9-класс..................................19
Қорытынды..............................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер....................................23
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Бүгінгі күні оқытуды ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс. Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанмен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.
Мәселе: Қазіргі ақпараттық заманда оқу процесіне компьютерді енгізу, оны пайдалану, қолдану мәселесі туындайды.
Мақсаты: Физика сабағын оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды, компьютерді пайдалану.
Міндеттері:
1. ЖАТ туралы теориялық тұрғыдан зерттеу
2. Физика сабағындағы ЖАТ маңызын теориялық және практикалық зерттеу.
3. Физикадан компьютерлік сабақтар үлгілерін көрсету.
Зерттеу нысаны: Физика сабағында компьютерді қолдану
Зерттеу пәні: Информатика және компьютерлік технология
Болжам: Физика сабақтарында компьютер қолдану, оқу сапасын арттыруға танымдық – іс-әрекетті күшейтуге дербес жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді.
Ғылымға пайдасы: Негізгі мектептегі физика сабағын беруде, теориялық және әдістемелік талдау жасалып, компьютер көмегімен өткізілген бірнеше сабақ үлгілері ұсынылды.
Құрылымы: Кіріспе бөлімі. 3 бөлімнен, қорытынды бөлімі және қолданылған әдебиеттер.
Скорая компьютерная помощь -
ремонт компьютеров менделеевская. | Бизнес в интернете -
токарные станки с чпу цены.