Turbo Pascal 7.0. программалау тілі
[ скачать ]
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Turbo Pascal 7.0. программалау тілі
II. Негізгі бөлім
1. Мәліметтер типтері
Стандарт қарапайым типтер
Символды типтер
2. Жолдық типтер
. PChar жолдық типі
3. Жолдық параметрлер
4. Жолдар типтерімен жұмыс
III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Паскаль программалау тілінің алғашқы баламасы Швейцария ғалымы Никлаус Виртпен 1968 жылы құрастырылды. Алғашында, программалау тілі тек оқып-үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамыедағы барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері: программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор.
1992 жылы Borland International фирмасы Паскаль программалау тілінің негізінде құрылған екі құрама программа шығарады: Borland Pascal 7.0 және Turbo Pascal 7.0. Олардың алғашқысы үш түрлі режимде жұмыс істей алады – MS DOS-тің қарапайым мен қорғанған жүйесінде және Windows операциялық жүйесінде. Оның жұмысы үшін қатты дискіде 30 Мбайт бос орын және жедел жадтың 2 Мбайт бөлігі қажет. Ал, Турбо Паскаль 7.0 MS DOS-тың қарапайым режимінде және Windows операциялық жүйесінде жұмыс істей алады, ол компьютер құрылғыларының сипаттамаларына Borland Pascal 7.0 программалау тіліне қарағанда өте төмен талаптар қояды. Біз берілген курстық жұмыста Турбо Паскальді сипаттай отырып оның негізгі типтерін қарастырамыз.
Turbo Pascal 7.0. программалау тілі жоғары деңгейлі программалау алгоритмінен, құрамына еңгізілген өңдегіш және программаларды қосу және жөндеуге арналған ортадан тұрады. Сонымен қатар, программа құрамында мол көмек ақпараты бар (ағылшын тілінде). Барлағымызға белгілі, программалау тілдері екі түрге бөлінеді: интерпретаторлар және компиляторлар. Турбо Паскаль компиляторлік тілдер құрамына іреді.
Программалау тілі стандартқа қарағанда кеңейтілген мүмкіндіктерімен, операциондық жүйенің мүмкіндіктерін қолдана алатын, оверссызықты құрылымдарды құрастыратын, еңгізу-шығарулы ұйымдастыратын графикалық суретті құратын жақсы дамыған модульдердің қорымен және т.б. белгілі.
Программалау ортасы программлардың мәтіндерін құруға, оларды компияциялауға, яғни құрастыруға, қателерін тауып, оларды жедел түрде дұрыстауға, стандарт модульдерді қоса отырып, программаны бөлек бөлшектерден құрастыруға, кейінгіге қалдырылған программамен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.