Батыс социологиясы
[ скачать ]
ЖОСПАР:
1. Эмпирикалық социология .........................................................................2
2. Теориялық социология ..............................................................................4
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................6
Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге – эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Кәсіби социологтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи, динамикасы бар.
Эмпирикалық социологияның негізін салушылар – Уильям Томас ( 1863-1947) пен Флориан Знанецкий ( 1882-1958 ). Олар тұңғыш рет нақты материалдар, жеке құжаттар, өмірбаяндар, интервью, сауалнамалар, бақылаулар негізінде толық талдау өткізіп, сандық әдісті қолданды. Бұл эмпирикалық зерттеудің нәтижелерін олар бірлесіп жазған «Европа мен Америкадағы поляк шаруасы» (1818-1920) еңбегінде баяндады. Оқымыстылар социологияда эмпирикалық мәліметтерден шығатын адам коэффицентін ескеру қажеттігін көрсетті. Жеке құжаттар ( хаттар, өмірбаяндар, күнделіктер, естеліктер және т.б.) зерттеліп отырғандар туралы субъективті көзқарас пен құзырлы зерттеушілерге обьективтілікті, яғни олардың интерпретациясын ( лат. interpretatio - түсіндіру, бандау) қамтамасыз етеді. Олардың жобасында шаруалар хаттарын зерттеу, Польша эмиграциялық ұйымдарының 10 мың данадан астам газеттерін, олардың мұрағттарын, сондай-ақ Польша эмигранттарының сот істерін зерттеу қарастырылды. Жиналған, талданған көп материалдар поляк эмигрантын жерсіндіру ісінің азабын көрсетуге мүмкіндік берді.
У.Томас пен Ф.Знанецкий «Еворпа мен Америкадағы поляк шаруасы» атты бес томдық еңбегінде материалдарды іріктеу, орналастыру жүйесі арқылы индивид психикасының, оның көзқарастарының ролін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты олардың эволюциясын дәлелдеді. Оқымыстылар әр индивидке балалық және жастық шақты қалыптасып, өмірдегі экономикалық, әлеуметтік және ғұмыры бойында сақталып қалатын тұрақты әлеуметтік мінез-құлық үлгісінің тән екендігін көрсетеді.
Осылайша түп негізінде тұрақтылық, индивидуум ұмтылысындағы өзгермеушілік жататын «әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты үлгісі» тұжырымдамасы жасалды. Бұл «әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты бейнесі» тұжырымдамасы АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады.
Эмпирикалық социологияның Чикаго мектебінің ізденушілері, «шоғырлану аймағының» болатындығы туралы гипотеза ұсынды ( Э.Берджес (1886-1966). Эмпирикалық зерттеулердегі мұндай «аймақты» анықтау үшін ғалым картографиялау әдісін қолданды. Яғни әрбір мұндай «аймақ» белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілі болады. Чикаго қаласындағы жекеленген әлеуметтік топтардың өмірі мен олардың өзара байланысын зерттей отырып, Э.Берджес өзі жасаған «Чикаго қаласындағы әлеуметтік зерттеулер картасын» қолданып, осындай 75 «аймақты» тапты. «Шоғырлану аймағы» мен «шектелуі қауымдастықтарды» талдау барысында зерттеушілерден интервью алу, бақылауға алу ( яғни, бақылаушы барлық жағдайға тікелей қатыфсады), әр түрлі құжаттар қолданылды.
Эмпирикалық зерттеулерді жүзеге асыра отырып, Э.Берджес әлеуметтік топтар арасындағы күштер қатынасының өзгеруі қала аумағының шеңберінде өтетіндігіне көз жеткізді. Жаңа әлеуметтік – аумақтық қауымдардың түзілуі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа нормаларын жасау, заңдылықтарды жетілдіру қажеттігін көрсетіп, кейде антиәлеуметтік әрекеттердің артуына әкеп соқты.
снять апартаменты в италии