Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген «Келе жатқан постиндустриялды қоғам» атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа «интеллектуалды» техниканы құрастыру. Экономиканың жаңа сипаттарын зерттей отырып Белл мынадай қорытындыға келген: қоғамда дамудың индустриялды кезеңінен постиндустриялды кезеңге өтуі байқалады, осы уақытта экономикада өндірістік сектордың емес, қызмет көрсету секорының басымдылығы байқалады. Постиндустриялды қоғам теориясы кейіннен З. Бзежинский, Дж. Гэлбрейт, Э. Тоффлер және т.б. дамытылады. 90-жылдары постиндустриялды қоғам концепциясын көптеген зерттеушілер ақпараттық қоғам ұғымымен байланыстырады, ал кейде осы ұғымдар синонимдер ретінде де пайдаланыла береді. Осы концепцияны қарастыра отырып, әрқашанда екі аса маңызды жайтты ұмыстпаған жөн: біріншіден, Белл қоғамның жаңа түрінің пайда болуын болжаған, ол әзір тұрған «постиндустриялды қоғамды» зерттемеген, ал екіншіден, постиндустриялды қоғам концепциясы экономикасы дамыған елдерді сипаттайды – АҚШ, Бастыс Еуропа елдері және Жапония, ал егер қатаңырақ үңілсек тек АҚШ-ты қарастырған. Постиндустриялды қоғам теориясы қазіргі таңда қоғам туралы дәстүрлі маркстік ілімге деген балама болып шықты, сондықтан берілген екі концепциялар өзара салыстыруға салынады.
Объявления вакансии и резюме: рынок пиццы. Поиск работы по объявлениям.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан