"Қайта құру" кезіндегі республиканың қогамдық-саяси өміріндегі өзгерістер. 1986жылғы Желтоқсан оқигасы 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта қүру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан